Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
в) Тік ішекке енгізу жолы – (per rectum- тік ішек арқылы) бұл жолмен суппозиторийлер, дәрілік клизмалар және жағылмалар енгізіледі. Ауыз қуысы арқылы енгізу жолына қарағанда әсері (әсері15-30 мин. басталады) тезірек. Тік ішектен дозаның 50% бауырға соқпай төменгі қуыс вена жүйесіне түседі, ал 50% қақпалық көк тамырға түсіп, бір бөлігі бауырда инактивацияланады (бенсенділігі төмендейді). Ректальды жолдың кемшілігі: тік ішектің дәрілерге тітіркендіргіш әсеріне (проктит тудыру қаупі) сезімталдығы, сіңіру бетінің ауданының аздығы, шырышты қабықшамен дәрінің жанасу уақытының аздығы, сондай-ақ емдеуклизмалары үшін ерітіндінің көлемінің аз болуы (50-100мл), ем-шараларды жұмыс уақытында, жол жүргенде енгізудің ыңғайсыздығы.