Дәрілік зат – фармакологиялық белсенділікке ие және дәрі ретінде қолданылатын зат.
Дәрілік заттар (емдік препараттар) – ерекше фармакологиялық белсенділігі бар шығу тұрғысы әртүрлі (өсімдік, жануар, синтетикалық, минералдық, биотехнологиялық және осы заттардың аурудың алдын-алуымен диагностикасы және оларды емдеу үшін қолданылатын емдік нысандары.
Дәрілік нысан –ағзаға қолдану мен еңгізуге қолайлы нысанға келтірілген түрлі агрегаттық жай-күйі, консистенциясы мен физика-химиялық қасиеті бар дәрілік қосалқы және реттеуші заттар жинтығы.
Фармакопея– дәрінің сапасын көрсететін жалпы мемлекеттік стандарттар мен ережелер, нормативтердің міндетті жиынтығы. Фармакопея гректің pharmacon – дәрі, poica – жасймын деген сөздерінен тұрады. Қазіргі таңда әр елдің өз фармакопеясы бар және барлығына ортақ Халықаралық фармакопея бар. Фармакопея талаптары дәрімен айналысатын ұйымдарда заңды және міндетті түрде орындалуы керек. Фармакопея талаптарына сәйкес келмейтін дәрілерді медицинада қолдануға рұқсат етілмейді.
Дәріхана – дәрі дайындаумен, сақтаумен, емдеу-профилактикалық ұйымдарды дәрімен, санитарлық, гигиеналық, ауруға қажетті бұйымдармен қамтамасыз ететін медициналық ұйым. Ең алғаш дәріхана VIII ғасырда арабтарда пайда. Дәріханалар қазіргі таңда мемлекеттік және жекеменшік болып келеді. Емдеу ұйымдарының дәріханалары ауруханада жатқан ауруларды дәрімен тегін қамтамасыз етеді.