Дәрілердің жіктелуі мен оларды сақтау ережелері Дәрілердің жіктелуі: 1. Агрегаттық жағдайына,дайындалу сипатына қарай: қатты, жұмсақ, сұйық, газ сипатты дәрілер
2. Қолдану жолына қарай: ішке, сыртқа, инъекцияға қолданатын дәрілер
3. Әсер ету күшіне қарай: улы дәрілер «Venena» А тізімі, күшті әсер ететін дәрілер
«Heroica» Б тізімі, жай дәрілер « Varia »
4. Фармакологиялық топтарына қарай
Дәрілерді сақтау ережелері : Улы және наркотикалық «А» тізіміне жатқызады. Улы және тәуелділік тұғызатын болғандықтан, оларды ерекше жағдайда сақтайды. Металл сейфте, сейфтің есігінің ішкі бетінде «Venena» және «А» жазуы, дәрілердің тізімі, дозасы жазылуы керек.
Сейфтің есігі құлыптануы керек. Бұл дәрілер аурухана бөлімдерінде тек дайын дәрі түрінде болуы керек.
Күшті әсер ететін дәрілер «Heroica», «Б» тізіміне жатқызады. Бұл дәрілерді таза күйінде есігі құлыптанатын бөлек шкафта сақтайды, есігінің ішкі бетінде «Heroica», «Б» жазуы жазылады. Бөлімдерде немесе кабинеттерде «А» және «Б» тізімдегі дәрілердің дұрыс сақталуына бөлім меңгерушісі немесе аға мейірбике жауапты.
Барлық дәрілер есігі жабылатын шкафтарда сақталуы тиіс. Инъекцияға арналған , ішке, сыртқа қолдануға арналған дәрілерді бөлек-бөлек сөрелерге жайғастырады. Тез бұзылатын дәрілерді тоңазытқышта сақтайды. Амбулаториялық ауруларға дәрі дәріханадан арнайы рецепт бланкісі арқылы алады. Улы, наркотикалық дәрілерді дәріханадан дәрігердің арнайы қызғылт рецепт бланкісі арқылы жіберіледі, онда дәрігердің жеке мөрі, емдеу мекемесінің мөрі қойылады.Бұл дәрілерді жіберу және сақтау ережелері арнайы бұйрықта берілген.