Жедел панкреатит – бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы
Ұйқы безі – грек тілінен аударылғанда –«барлығы еттен» деген мағына береді.
Ұйқы безі ұзынша келген ағза, асқазанның артында орналасқан. I-II бел омыртқасының алдында, ал құйрығы X-XI қабырға маңайына барып бітеді.
Ұзындығы 10-23см, ені 3-9см, қалыңдығы 2-3см, салмағы 70-80гр.
Оның түтігі 1642 ж. Вирсунг, 1720 ж. Одди суреттеуі бойынша 75 процент үлкен еміздікшеге ашылады (12 елі ішектің). 4 процент жағдайда Вирсунг түтігі 12 елі ішекке өздігінен ашылады. Вирсунг түтігі холедохпен бірге –Фатер түтігіне 33,6 процент ашылады. 2 түтікте қосылып жалпы ампуланы және Одди сфинктерін 5 проц. құрайды. 2 түтікте Фатер бүршігі мен Одди сфинктерімен алыс орналасқан. Вирсунг түтігі – холедохқа түседі.
Ұйқы безін қанмен қамтамасыз ететін тамырлар:
Панкреатикалық шырынның құрамы:
Амилаза – активті жағдайда бөлінеді, көмірсуларды ыдыратады, крахмальды гидролиздейді және оны мальтозаға айналдырады.
Липаза – жартылай активті түрде шығады, оны активтендіретін өт қышқылдары мен кальций тұздары – майларды және май қышқылдарын, глицеринді қорытады.
Протеаза – белоктарды аминқышқылдарына дейін ыдырататын фермент. Және протеолизге қатысатын ферменттер –трипсиноген, карбопептидаза, коллагеназа, дезнуклеаза т.б.
Этиологиясы мен патогенезі
Жедел панкреатиттің этиологиясы әр түрлі себептерден болуы мүмкін:
-
Өт қабы және өт шығару жолдарының аурулары: Холецистит, өт тас ауруы, холедохтың қабынуы, т.б.
-
Асқазан және ұлтабар аурулары: Созылмалы гастрит, ойық жара аурулары т.б.
-
Алкогольдың жедел панкреатитке әкелу себебі. Этанол асқазанға барғаннан кейін оның секрециясын көбейтеді және ұлтабардың секретин деген ферментінің көбеюіне әсер етеді, ал секретин ұйқы безінің панкреатикалық сөлін көп шығуына мәжбүр етеді.
-
Достарыңызбен бөлісу: |