Артық ішкен тағам және зат алмасудың бұзылуы: И.П.Павловтың жұмыстарымен дәлелденген – әсіресе ащы, майлы тағам ішкеннен панкреатикалық сөл көп бөлінеді. Кейбір адамдарда май алмасуының бұзылуынан қан тамырында патологиялық өзгерістер (атеросклероз) және қан тамырының қысымының жоғарлауы, іш қуысы ағзаларында қанның көбеюі ұйқы безінің қан айналысын және паренхимасын бұзады
Ұйқы безіндегі қан айналысының бұзылуы
Аллергиялық реакциялар әсерінен
Жарақаттардан соң: nVIII. Жүктілік және босанғаннан кейінгі уақыт: Жатырдың ұлғайғандығынан іш қуысындағы қысым жоғарлайды, соның салдарынан өт және ұйқы безінің өзектері қысылып панкреатикалық сөлдің ұлтабарға құюлуы бұзылады және гормональді өзгерістер салдарынан.
Химиялық заттармен улану: Қышқыл, сілті, фосфор және т.б.
Жұқпалы аурулар: Іш сүзек , қызамық(скарлатина), сепсис, вирустық гепатит және т.б.
Панкреатит патогенез:
1-ші трипсинді кезең (протеолиз) активтенген трипсин өзектерден бездің паренхимасына кіріп калликреинді шығарады, ол барып безде ісіну шақырып және қан құйылтады – ұйқы безінде геморрагиялық ісік пайда болады.
2-ші липазалы кезең – процесс арықарай өршігенде бездің бұзылған клеткаларынан липаза шығады, оның белсенділігін трипсин мен өт қышқылдары арттырады. Липаза майларды ыдыратады, ұйқы безінде майлы некроз – майлы немесе стеаринді некрозды дақтар пайда болады.
Патогенезінің негізінде – без өз ферменттері (трипсиноген, химотрипсин және липаза) активтенуі салдарынан тіндері зақымдалады.
Жедел панкреатиттің жіктелуі: (1978 жылы Свердловск қаласындағы V-ші жалпыодақтық хирургтар съезді бойынша)
Ұйқы безі ісігі
Деструктивті:
а) геморрагиялық некроз
б) майлы некроз
Іріңді панкреонекроз
Жедел холецисто-панкреатит
Панкреатит классификациясы (хирургтардың ХХҮІІІ съезді, 1965ж.)
Бездің интерстициальді тінінің ісінуі
Жедел геморрогиялық панкреатит
Жедел панкреанекроз
Созылмалы:
Рецидивті және рецидивсіз
Кезеңдері бойынша: ремиссия, субремиссия, өршу
Достарыңызбен бөлісу: |