Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Corglicorium - коргликон (Б)



бет147/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Corglicorium - коргликон (Б): 0,06 % 1 мл еріт. амп. - 10-20 мл 0,9% NaCI еріт. к/т баяу ағынмен енгізеді. Строфантинге қарағанда әсері тез, бірақ қысқа.
Улану. Жүрек гликозидтерінің мөлшерін асырғанда ағза улануы мүмкін. Белгілері: брадикардия, аритмия (экстрасистолия, жүрекше қарынша бөгеті, қарынша және жүрекше жыпылықтауы) құсу, лоқсу, көз көруінің нашарлауы, сандырақтау, галлюцинация (елестеушілік), тырысулар және АҚ-ң төмендеуі. Жүрек қызметі тоқтауынан адам өліміне алып келуі мүмкін.
Жәрдем: прапаратты доғарып, жүрек гликозидтерінің антагонистерін (унитиол); калий препараттары (калий хлориді - к/т; панангин - ішке); ЭДТА динатрий (кальций ионын өзіне байланыстыру үшін); антиаритмиялық дәрілер (лидокаин, дифенин, амиодарон және т.б., атриовентрикулярлы бөгетте және айқын брадикардияда - атропин) белгіленеді.
Жүрек гликозидтері қандағы калий ионының концентрациясын төмендететін дәрілермен (тиазидті диуретиктер, кортикостероидтар) бірге қолданғанда, кардиотоникалық әсері күшейеді.
Жүрек гликозидтерінің биологиялық стандартизациясы: белсенділігін бағалау қүрбақада (кейде мысықтарда) жүргізіледі. Дәрілік шикізаттар мен көптеген препараттардың (гапенді, жаңа галенді және т.б.) белсенділігін биологиялық стандартизациямен анықтайды. Бұл жағдайда жүрек гликозидтерінің белсенділігін ҚӘБ (құрбақаның әсер бірлігі) белгіленеді. 1 ҚӘБ - систолада жүректің тоқтауын шақыратын стандартты препараттың ең аз мөлшеріне сәйкес келеді. Белсенділігін стандартты препаратпен салыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет