Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер



бет194/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер
Өкпе ісінуі жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары кезінде, химиялық заттармен өкпенің зақымдалуы кезінде, бірқатар жүқпалы ауруларда, бүйрек, бауыр патологиясында, ми ісігінде пайда болуы мүмкін. Келесі топ препараттары қолданылады:
1. Көбікті басатын дәрілер (этил спиртінің буын оттегі арқылы дем алу).
2. Наркотикалық анальгетиктер: морфин, фентанил, таламонал
(фентанил дроперидолмен) - шеткерлік артерия мен күре тамырды кеңейтіп, қан айналымының кіші шеңберінде іркіліп қалуын азайтып, АҚ-н төмендетеді.
3. Дегидрагациялық (сусыздандыратын) дәрілер: маннит, мочевина
судың ісінген ұлпалардан тамырларға өтуін қамтамасыз етіп, несеп айдаушы әсері бар. Күре тамырға енгізіледі.
4. Несеп айдаушы дәрілер: фуросемид, этакрин қышқылы - айналымдағы қан көлемін төмендетіп, гипотензивті эсер етеді.
5. Гипотензивті дәрілер - артериялық, веналық қысымын төмендетеді. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, гигроний, пентамин; әсері миотропты гипотензивті дәрі натрий нитропруссиді.
6. Егер өкпе ісігі жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен байланысты болса (қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда), онда әсері тез жүрек гликозидтерін белгілейді: строфантин, коргликон.
7. Глюкокортикоидтар - қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, преднизолон күре тамырға енгізіледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет