Холелитолитикалык дөрілер - өт қалтасындағы тастарды ерітеді:
- хенодезоксихоль қышқылы (хенодиол, хенофальк), урсодезоксихоль қышқылы (урсофальк, урсосан) - 0,25 капс, тек қана түнде қабылдау қажет, себебі өт холестеринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырда холестерин синтезін бұзып, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді. Препараттарды үзақ 6 айдан 3 жылға дейін қабылдау қажет.
Гепатопротекторлар (бауырды сақтандыратын дәрілер) - бауыр жасушаларына қорғаныш әсер көрсетіп, қайта қалпына келуіне мүмкіндік жасап, жағымсыз әсерлерге тұрақтылығын күшейтеді. Олар жіті және созылмалы гепатитге, бауыр дистрофиясында және циррозында, бауырдың улы зақымдалуларында қолданылады.
- теңбіл ширақкөк (расторопши) препараттары; легалон, карсил(әсер етуші зат силимарин), силибор, гепабене (дәрілік жаманкөк сығындысы+теңбіл ширақкөк қүрғақ сығындысы);
- дәрілік шөптен алынған препараттар: ЛИВ - 52, хофитол, артишок, тыквеол, валив - мүйізді қара малдың бауырынан алынған препараттар: сирепар, витогепат, вигератин;