Insulinum - инсулин (Б): 5 жэне 10 мл флаконда (1мл-де 40 немесе 80 ӘБ бар) - т/а, б/е, к/т еңгізіледі. Міндетті түрде дәрігердің нұсқауымен мөлшерленеді. Гипогликемиялық әсер көрсетіп, қант диабетінде және гипергликемиялық комада қолданылады.
Өсері қысқа инсулиндер суда ериді, т/а, б/е, к/т еңгізіледі. Әсері 30 мин. басталып, 8 сағ. созылады.
а) Адам инсулиніне ұқсас инсулиндар (гендік инжинерия әдісімен алынған): актрапид НМ, актрапид ЧМ, инутрал ХМ, инсуман Рапид, хоморал - 40, хумулйн Р Регуляр;
б) Монокомпонентті (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид МС,
актрапид МК, инсулрап СПП, инутрал СПП, илетин И Регуляр;
в) Жоғары дәрежеде тазартылғын (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид;
Инсулиннің депо-препараттары т/а, кейде б/е еңгізілетін суспензия болып табылады.
Әсері орташа инсулиндер (инсулинның суспензиялары) - әсері 30 мин,- 3 сағ. басталып, 14-24 сағ, созылады. Оларға: инсуман Базал, протафан НМ, исофан ХМ, хумулин Н НПХ жатады.
Әсері ұзақ инсулиндер (кристаллды цинк-инсулиннің суспензиясы) әсері 3-4 сағ. басталып, 24-28 сағ. созылады. Оларға: ультратард НМ, ультратард ЧМ, хумулин У ультраленте жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |