Инсулиндердің жанама әсері:аллергиялық реакциялар, мөлшерін асырғанда гипогликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері төмендеуі) байқалуы мүмкін. Егер қант диабетін емдемеген жағдайда гипергликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері жоғарлауы) байқалады. Екі жағдайда өте қауіпті болып саналады.
Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке карсы дәрілер 35-40 жастан асқан науқастарда II типтегі қант диабетінде (инсулинге тәуелсіз) ауыз қуысы арқылы еңгізілетін препараттар белгіленеді.
Сульфонилмочевина туындылары ұйқы безі жасушаларындағы, эндогенді инсулиннің синтезін және босап шығуын күшейтеді.