Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін) сондай-ақ, шокқа қарсы және антитоксикапық әсері бар. Ревматизмде, ревматоидты артритте, радикулитте, коллагенозда, бронх демікпесінде, жіті панкреатитте, жіті лейкозда, экземада, геморройда, Адиссон ауруында, миастенияда, аллергиялық нейродермитте және басқа да тері ауруларында кеңінен қолданылады. Глюкокортикоидтарды шокты емдеу (жарақаттан кейінгі, операциялық, кардиогенді жэне т.б.) және алдын алу үшін белгілейді. Мүшелер мен ұлпалардың трансплатациясында (ауыстырып қондыру) және де әртүрлі аутоиммундық ауруларда қолданылады.
Жанама әсері: глюкортикоидтарға тәуелділік, семіздік, гипокалиемия, бұлшық ет әлсіздігі, ісінулер, гипертензия, гипергликемия, остеопороз және сүйектің патологиялық сынықта, жүйке және психикалық бұзылыстар (ұйқысыздық, эйфория және т.б.), иммунитеттің төмендеуі, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, стероидты пепсиндік жара (ішек және өңеш жарасы) және т.б. байқалуы мүмкін.
Гипертониялық ауруларда, қан айналымның жеткіліксіздігінде, жіті эндокардитте, психозда, асқазан мен ұлтабардың жараларында, нефритте, остеопорозда, операциядан кейінгі кезеңде, туберкулездің белсенді түрінде, қант диабетінде, жүктілікте және Иценко-Кушинга ауруында қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |