Cytitonum – цититон (Б): 1 мл ампулада шығарылып, 0,5 мл куре тамырға енгізіледі.
Қолдануы: тыныс алу рефлекторлы тоқтағанда, газбен уланғанда және жаңа туған баланың асфиксиясында(тұншығуында). бірақ ондай жағдайда көбінесе жасанды өкпеге дем беру жүргізіледі.
Н-холиномиметиктер никотинге тәуелдікті төмендету мақсатында кеңінен қолданылады («Табекс», «Лобесил», «Никоретте»). Қарама-қарсы әсері: атеросклерозда, гипертонияда, ірі қан тамырлардан қан кетуде, өкпе ісінуінде және тырысуға бейімділікте қолдануға болмайды.
Никотиннің улы әсері: темекі шегу гипертониялық ауруларға, жүректің ишемиялық ауруларына, эндоартеритке, созылмалы бронхит пен пневмонияға, жел өкпеге, өкпенің қатерлі ісігіне және т. б. алып келеді.