Solutio Ammonii caustici – аммиак ерітінді (нашатыр спирті) : 10% 1 мл еріт. амп., 10% 40 мл еріт. флаконда шығарылады, мақта немесе дәкемен иіскету үшін.
Charta sinapis - қыша қағаздары – жылы суда қыша эфир майы бөлінуі нәтижесінен тітіркену қасиеті байқалады.
Терпентин майы (скипидар) – 20 % жағылма, 40% линименті, камфора майы, жағылмасы және спирті (10%); бұрыш жапсырмасы; «Никофлекс», «Финалгон», «Эспол», «Бом-бенге» және т. б. жағылмалары бар.
Дәріс №
Тақырыбы: Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
Жоспар:
1.Эфферентті иннервацияға сипаттама.
2.Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілердің жіктелуі.
3.Холинергілік синапсқа әсер ететін дәрілер.
Эфферентті иннервация вегетативті жүйкелерден ( ішкі мүшелерді қан тамырларды, бездерді қамтамасыз етеді) және қаңқа бұлшық етерінің қозғалтқыш жүйкелерінен тұрады. Вегетативті жүйке жұйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден тұрады. Симпатикалық ганглийлер мүшелерден тыс, ал парасимпатикалық ганглийлер мүшелерде орналасқан. Преганглионарлы және постганглионарлы талшықтар деп ажыратылады. Жүйке талшықтарының мүшелердің жасушаларымен тұйіскен жерін синапс (түйіспе ) деп атайды. Синапс пен ганглийлерде қозу арнайы химиялық зат – медиатор (дәнекер) арқылы өтеді. Холинергілік синапстың, сондай-ақ симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердің медиаторы ацетилхолин медиаторы арқылы жүзеге асырылады.Ал адренергілік сианапстың медиаторы–норадреналин болып табылады. Ацетилхолинге сезімтал рецепторды холинорецептор, ал норадреналинге сезімтал рецепторды адренорецептор деп атайды. Осы рецепторларды қуаттандыратын препаратарды миметиктер , ал тежейтін препараттарды блокаторлар деп атайды .
Достарыңызбен бөлісу: |