«Almagel» - «Алмагель» : асқазан мен ұлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте және асқазан ауруларында қолданылады, 170 мл флаконда суспензия түрінде шығарылады. «Алмагель А»-құрамында 0,1 г анестезині бар.
Сіңіргіш дәрілер –шырышты қабықшаларды тітіркендірмейтін және суда ерімейтін, үлкен адсорбциялық беті бар, ұнтақ тәрізді инертті заттар болып табылады. Олар өз бойына химиялық қосылыстарды сіңіріп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден қорғайды.
Белсендірілген көмір ( карболен) диспепсияда, іш кебуде ( метеоризмде), тамақпен, алкалоидтармен және ауыр метал тұздарымен және т.с.с. улануларда қолданылады.
АІЖ-ның жарасында және асқазаннан қан кетуде қолдануға болмайды.