«Almagel» - «Алмагель» : асқазан мен ұлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте және асқазан ауруларында қолданылады, 170 мл флаконда суспензия түрінде шығарылады. «Алмагель А»-құрамында 0,1 г анестезині бар.
Сіңіргіш дәрілер – шырышты қабықшаларды тітіркендірмейтін және суда ерімейтін, үлкен адсорбциялық беті бар, ұнтақ тәрізді инертті заттар болып табылады. Олар өз бойына химиялық қосылыстарды сіңіріп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден қорғайды.
Белсендірілген көмір ( карболен) диспепсияда, іш кебуде ( метеоризмде), тамақпен, алкалоидтармен және ауыр метал тұздарымен және т.с.с. улануларда қолданылады.
АІЖ-ның жарасында және асқазаннан қан кетуде қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |