Trimecainum – тримекаин (Б) : 2% 1,2,5,10 мл еріт. ампулада шығарылады. Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қоланылуы лидокаинге ұқсас, әсері 1-2 сағ созылады.
Pyromecainum – пиромекаин (Б) : 0,5 % , 1 % , 2% 10 мл еріт. ампулада және 5 % 30 г жағылма түрінде` гингивостоматитте (ауыз қуысына жағу үшін ) шығарылады.
Articainum – Артикаин : 2% 10 мл еріт. амп. – инфильтрациялық, өткізгіштік, эпи- және перидуральды анестезияда; жұлынды анестезияда 5% 2 мл еріт белгіленеді.
Прилокаин ( 3% 1 мл еріт ампулада), бензофуракаин (1% 2 мл еріт. ампулада) –стоматологияда инфильтрациялық анестезияда белгінеді.
Тұтастырғыш дәрілер – тері және шырышты қабықшаның бетіндегі ақуыздың коагуляциясыға ұшырауына байланысты, жергілікті қабынуға қарсы әсері бар. Тығыз ақуыз пленкасы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш заттардан қорғап, ауырсыну сезімдерін төмендетеді. Тұтастырғыш дәрілер тері және шырышты қабықшаның қабынуында (дерматитте, жараларда, эрозияда, экземада) сеппе, жағылма түрінде, жағу, шаю үшін белгіленеді. Асқазан-ішек жолдарының ауруларында ( энтерит, колит және т. б.) ішке қолданылады.
а) бейорганикалық тұтастырғыш дәрілерге: висмуттың негізгі нитраты, «Викалин», «Викаир» табл.; 5-10% жағылма; сеппе; «Нео-анузол» суппозиторий түрінле шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |