Pilocarpini hydrochloridum – пилокарпин гидрохлориді (А): 1-2% 5-10 мл еріт.көз тамшылары; 2% 3 г көз жағылмасы, көз пленкалары түрінде шығарылады.
Фармакологиялық әсері: көз қарашығын тарылтып, көзішілік сұйықтықтың ағуын күшейтіп, көзішілік қан қысымын төмендетеді.
Қолдануы: глаукома ауруында.
Жанама әсері: аккомадацияның бұзылуы және көз жасының ағуы байқалады.
Aceclidinum – ацеклидин (А): 2-5% еріт.-көз тамшысы; 3-5% көз жағылмасы түрінде, 0,2% еріт.1-2 мл амп. шығарылады.
Қолдануы: глаукомада, қуық атониясында .
Жанама әсері: бронхоспазм, тұншығу, брадикардия, жүрек өткізгіштігі мен автоматизмінің төмендеуі және артериялық қысымның төмендеуі байқалады.
Қарама-қарсы әсері: бронх демікпесінде, стенокардияда, АІЖ-нан қан кетсе, эпилепсияда, гиперкинезде, жүктілікте және операцияға дейінгі іш қуысының қабыну ауруларында қолдануға болмайды.
Н-холиномиметиктер: цититон, лобелин гидрохлориді.
Олар каротидті шумақтың Н-холинорецепторларды қоздырып, тыныс алу орталығын рефлекторлы қуаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |