Антихолинэстеразды дәрілер эндогенді ацетилхолиннің жиналуына алып келетін, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін тежейді, нәтижесінде ағза мен ұлпаға оның әсері күшейіп, ұзарады.
Қолдануы: миастенияда, бұлшық ет дистрофиясында, салдануда, невритте, менингиттен, полимиелиттен, энцефалиттен кейін; ішек пен қуық атониясында; толғақтың әлсіздігінде, глаукомада.
Қарама-қарсы әсері: эпилепсияда, бронх демікпесінде, стенокардияда, атеросклерозда және жүктілікте қолдануға болмайды.
Препараттары:
а) әсері қайтымды препараттары: физостигмин, галантамин (нивалин), прозерин (неостигмин), пиридостигмин (калимин, местинон) , оксазил, дистигмин (убретид)- әсері ұзақ.
б) әсері қайтымсыз препараттары: армин, фосфорганикалық қосылыстар (ФОС) табун, зарин, заман, дихлофос және т. б.- әсері өте ұзақ.
Достарыңызбен бөлісу: |