М-холиноблокаторлар
М-холиноблокаторлар М-холинорецепторларды тежейтін заттар болып табылады.
Препараттары: атропин сульфаты, итжидек препараттары, платифилин гидротартраты, метацин, скополамин бромиді және т. б.
Фармакологиялық әсері : көз қарашығын кеңейтеді, көз ішілік қан қысымының жоғарлауы, тахикардия, АҚ-ның көтерілуі, бронхтың кеңеюі, АІЖ бездерінің секрециясы төмендейді.
Бұл топтың ең жақсы игерілген өкілі атропин, сондықтан М- холиноблокаторларды атропин тәрізді дәрілер деп атайды.
Atropini sulfas – атропин сульфаты (А) : 1 % еріт. – көз түбін зерттеу үшін қолданылады және көзілдірік таңдауда көз тамшысы түрінде шығарылып; иритте, иридоциклитте; 1% жағылма; қөз пленкалары түрінде; 0,1% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 0,25-1 мл тері астына, бұлшық етке, көк тамырға енгізіледі.
Қолдануы : спазмолитик ретіде бірыңғай салалы бұлшық ет түйілуінде (бауыр, бүйрек пен ішек шаншуларында), бронхоспазмда, асқазан мен ұлтабардың жарасында, наркоздан алдын премедикация үшін, брадиаритмияда, бронх демікпесінде, атривентрикулярлы блокадада, паркинсонизмде, көз тәжірибесінің диагностикасында.
Жанама әсері: тахикардия, ауыз қуысының құрғауы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |