Тітіркендіргіш дәрілер – жергілікті қолданғанда, тері және шырышты қабықшалардың афферентті жүйке ұштарын қоздырып, ішкі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Тітіркендіргіш дәрілер невралгияда, радикулитте, артралгияда, ревматизмде, миалгияда, жарақаттарда, сіңір тартылуда, спорттық жарақаттарда, қышма дерматозында, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында қолданылады. Оларды іріңді ауруларда, нейродерматитте, сулы экземада, псориазда зақымдалған теріге жағуға болмайды.
Mentholum – ментол : 2% спиртті ерітінді және 10% майлы қоспа түрінде; 1-2% ментол майы: «Меновазин» препараты; «Бороментол», «Эфкамон», «Гевкамен» жағылма түрінде, Валидол 0,06 г таб. және 0,05 г капс. түрінде шығарылып, жүрек тұсының ауырсынуын төмендету үшін тіл астына еңгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |