Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


б) өткізгіш, жұлынды және инфильтрациялық анестезияларда



бет294/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
б) өткізгіш, жұлынды және инфильтрациялық анестезияларда:
новокаин(прокаин),лидокаин(ксикаин,ксилокаин),тримекаин,бупивакаин
(маркаин,карбостезин),артикаин(ультракаин),прилокаин(цитанест), бензофуракаин қолданылады.
Бұл анестезия үшін ерітінділер міндетті түрде залалсыздандырылған (стерильденген) болуы тиіс. Бұл препараттар улы және әсері өте қысқа болып келеді. Сондықтан улылығын төмендетіп, әсерін ұзарту үшін 5-10 мл препарат ерітіндісіне 1-2 тамшы 0,1% адреналин гидрохлоридін қосу қажет.
Өткізгіштік анестезия стоматологияда, хирургияда, терапиялық тәжірибедегі невралгияда қолданады. Анестетиктерді жүйке жолына еңгізеді, көбінесе 1-2% ерітінділері қолданылады.
Жұлынды анестезияда анестетикті жұлынның аймағына субарахноидалды жолмен енгізеді. Ол кезде жұлынның бел-сегізкөз аймағының барлық сезімталдықтарын жоятындықтан, аяқ-қол, кіші жамбас мүшелеріне операция жасау үшін қолданылады.
Инфильтрациялық анестезияда анестетиктер тері қабатарының терең ұлпаларына енгізіледі . Әртүрлі хирургиялық операцияларда анестетиктің 0,25-0,5% ерітінділері (200-500 мл) қолданылады.
Синтетикалық анестетиктердің кокаинге қарағанда улылығы төмен. Нашақорлық тудырмайды, бірақ жанама әсерлері: бас айналу, жалпы әлсіздік, артериялық қан қысымының төмендеуі, коллапс және жүрек қызметінің тежелуі (жүректің тоқтап қалуы) байқалады.
Жергілікті анестетиктер әртүрлі анестезия түрлерінен басқа микроциркуляцияны жақсарту мақсатында тамырлардың түйілуінде, қарынша экстрасистолиясында, қарынша жыпылықтауын алдын алу үшін, жіті миокард инфарктінде (2-10% лидокаин ерітіндісін күре тамырға) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет