Қорғасын ацетаты – Plumbi acetas : 0,25-0,5% дымқылдау үшін қолданылады.
Ашутас – Alumen : 0,5-1% еріт.
б) органикалық тұтастырғыш дәрілерге: танин, дерматол, ксероформ, тұңба және қайнатпалар (1:10-1:20): емен қабығы, шайқұрай шөбі, жылантаран тамыр сабағы, шатырыш жапырағы, түймедақ гүлі, кәдімгі қаражидек жемісі, итошаған шөбі жатады.
Tanninum – Танин: сеппе түрінде; ауыз қуысын шаю үшін 1-2% еріт. түрінде; жараларға, жарылуда, күйгенде, тесілуде 3-5-10% қолдану үшін сулы және глициринді ерітінділер мен жағылма түрінде тағайындалады.
Дерматол және ксероформ – сеппе түрінде( сыртқа); 10% жағылма.
Іркілдік дәрілер – шырышты қабықшаларды бүркеп, сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды. АІЖ-ның қабыну ауруларында қолданып, құрамында тітіркендіргіш заттары бар микстуралардың құрамына кіреді.
Mucilago Amyli – крахмал қоймалжыңы (2%);
Mucilago seminum Lini – зығыр тұқымының шырышы (1:30) .
Достарыңызбен бөлісу: |