Carbo activatus – белсендірілген көмір (активтелген көмір) : ұнтақ түрінде; 0,5 г табл. түрінде; уланғанда асқазанды шаю үшін 20-30 г суспнезиясын, ал метеоризмде 1 табл. күніне 2-3 рет белгіленеді.
Smecta – смекта : 3 г пакете; әртүрлі диареяларда (іш өтуі) қолданылады. Адсорбциялық(сіңіргіш) қасиетінен басқа ауырған жерді сездірмейтін және АІЖ-ның шырышты қабықшаларына қорғаныш қызмет көрсететін қасиетері бар.
Полифепан - гранула және паста түрінде щығарылып , жұқпалы және жұқпалы емес диареяларда, метеоризмде (іш кебуі) және жалпы улануларда қолданылады.