Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет49/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Қайыңның қарамайы - антисептикалық, инсектицидті және жергілікті тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Вишневский линиментінің құрамына кіріп, іріңді жараларды емдеу үшін қолданылады; Вилькинсон жағылмасының құрамына кіріп, қышыма, экзема, жараларды емдеу үшін қолданылады.
Ісhthyоlum - ихтиол: антисептикалық, қабынуға қарсы және жергілікті жансыздандыратын әсері бар. 10% - 20% жағылма түрінде тілме қабынуында, күйікте, экземада және басқа да тері ауруларында қолданылады. Құрамында 0,2 ихтиолы бар суппозиторий, кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларында қолданылады.
6. Нитрофуран туындылары. Ғurасіllіnum - фурациллин (Б): әсер ету механизмі: ақуыздың синтезін бұзып, хелаттар тұзеді (металдармен қосылса), протоплазмада тотығу процестерін күшейтеді, адамға улылығы төмен, грамм-оң, грамм-теріс микроорганизмдер мен қарапайымдарға әсері күшті. Жергілікті қолданғанда тітіркендіргіш әсері жоқ және ұлпалардың регенерациясын тездетеді. 0,02% (1:5000) сулы ерітіндісі ауыз бен тамақтың қабынуларында, дененің қуыс мүшелерін жуу үшін қолданылады; еріт. көз тамшылары түрінде, 0,066% (1:1500) спиртті ерітіндісі созылмалы іріңді отитте қолданылады. 0,2% жағылма, 0,02 таб. (1 таб. 1/2 стакан жылы сумен) шаю үшін, 0,1 таб. бактериалды дизентерияны емдеу үшін ішке белгіленеді.
7. Бояғыштар - грамм-оң кокктарға әсер етеді, улы емес, ұлпаларды тітіркендірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет