4. Альдегидтер мен спирттер (алифатты қатардың қосылыстары) микроб жасушасының протоплазмасын сусыздандырып, ақуызды қоагуляциялап (ұйытып), микроорганизмдерді жояды.
Spiritus aethylicus - этил спирті (Б): 95% спирт хирургиялық инструменттерді дезинфекциялау үшін, 70% спирт операциялық алаңды және хируртардың қолын жуу үшін, 40% спирт компресс жасау үшін тағайындалады.
Solutio Formaldehydi - формальдегид ерітіндісі (официнальды 7% ерітіндісі формалин деп аталады): - күшті антисептикалық, илеуіш және иіссіздендіретін әсеріі бар. 0,5% ерітіндісі құрал жабдықтарды (металдық) зарарсыздандыру үшін; 0,5% -1% ерітіндісі аяқ тершеңдігінде аяқ терісін жуу үшін қолданылады. Формальдегид ерітіндісі вакциналар, сарысулар мен анатомиялық препараттарды консервілеу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |