|
Нематодоздарда қолданылатын дәрілер
|
бет | 135/343 | Дата | 16.03.2022 | өлшемі | 1,22 Mb. | | #136025 |
| Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология1. Нематодоздарда қолданылатын дәрілер.
Нематодоздарға: аскаридоз (қоздырғышы аскарида (жылан құрт)), энтеробиоз (қоздырғышы бәсір), трихоцефалез (қоздырғышы власоглав), анкилостомидоз (қасық бас қоздырғышы), стронгилоидоз (қоздырғышы ішек кенелер). Нематодоздарды емдеу үшін: пиперазин, нафтамон (алькопар), левамизол (декарис), мебендазол (вермокс), медамин, пирантел (комбантрин, немоцид), пирвиний (ванквин), дитиазанин (тельмид), дифезил қолданылады.
Қазіргі кездегі нематодтарға қарсы дәрілердің улылығы төмен, АІЖ нашар сіңіріліп, арнайы диетаны қажет етпейді және іш жүргізетін дәрілер (препараттардың іш жүргізетін әсері бар) белгіленбейді, емдеу ұзақтығы 1-3 күн. Әсер ету механизмі құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметін бұзып, құрттарда глюкозаның сіңірілуін қайтымсыз бұзады. Аскаридозда, энтеробиозда; трихоцефалезда; тениозда; анкилостомидозда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|