е) Балантидиазды емдеуге арналған дәрілер.
Қоздырғышы -Ваlаntidium соlі тоқ ішекті зақымдайды. Тасымалдаушысы жануарлар,әсіресе шошқалар.Емдеу -мономицин, тетрациклиндер,метродинидазол, тинидазол.
ж) Лейшманиозды емдеуге арналған дәрілер.
Тері лейшманиозында (қоздырғышы - І.еіshmаnіа tгоріса) - дененің ашық жерлерінде некроз тәрізді жара түзіледі. Висцеральды лейшманиозда (қоздырғышы -Leishmanіа donovani) бауыр, көк бауыр, сүйек миын зақымдайды. Науқас адамдар, ит, кеміргіштер, зақымдау көзі болып табылады.
Тері лейшманиозын емдеу үшін: мономицин, сурьма препараттары (солюсурьмин, глюкантим), пентамидин, метронидазол, акрихин (жергілікті) қолданылады.
Висцеральды лейшманиозда сурьма препараттары мен пентамидин қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |