Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жүрек және бүйректің органикалық ауруларында.
Emetini hydrochloridum - эметин гидрохлориді (Б): 1% 1 мл еріт. амп. т/а және б/е тәулігіне 2 рет тағайындалады.
Ішектен тыс амебиазада әсіресе бауырдың амебты зақымдалуында безгекке қарсы препарат хингамин қолданылады.
г) Безгекке (малярия) қарсы дәрілер. Безгек қоздырғышы малярия плазмодиі, тасымалдаушы Апорһеles масаның ұрғашысы болып табылады. Үш күндік, төрт күндік және тропикалық деген малярияның 3 түрі бар. Маса денесінде малярия плазмодиі жыныстық циклда дамиды. Дені сау адамды зақымдалған маса шақса оған спорозоиттар енеді. Адам денесінде малярия плазмодиясының жыныссыз циклі дамиды. Одан спорозоиттар қан арқылы бауырға, одан ұлпаларға (преэритроцитарлы) өтеді. Бауыр жасушасында өсіп, көбейеді, ұлпалық мерозоиттар тұзеді, одан қандағы эритроциттерге еніп, ол жерде тез өсіп, эритроцитті мерозоиттарға бөлінеді, 48 сагаттан кейін үшкүндік, 72 сағаттан кейін төрткүндік, ал 24-48 сағаттан соң тропикалық маляриялар қанға өтіп, эритроциттерді зақымдайды. Бул процесс қызба ұстамасына алып келеді. Эритроцитарлы мерозоиттардың бір бөлігі қайта эритроциперге еніп, ал бір бөлігі жыныс түріне (гаметалар) айналады. Үш- және төрт күндік малярияда ұлпалық мерозоитардың бір бөлігі қайтадан бауырға еніп, параэритроцитарлы форма тұзеді. Қызба ұстамасы қалтырау, дене қызуының 39-41°С жоғарылауымен, қатты бас ауыруы, ентігу, тахикардия, гипотензия, сандырақтау, бұлшық еттердің ауыруымен жүреді. Одан бауыр, көк бауыр үұғайып, анемия, лейкопения, ал ауыр жағдайында маляриялық комаға ұласуы мүмкін. Малярияға қарсы препараттар малярия плазмодиясының дамуының түріне байланысты әртүрлі кезеңдеріне әсер етеді.
1. Гематошизотропты дәрілер - эритроцитарлы түріне әсер етіп, малярия ұстамасын емдеу және алдын алу үшін және жеке химиопрофилактикасында қолданылады. Оларға: хингамин (делагил, хлорохин), хинин, мефлохин (лариам); кейде бигумаль (прокванил), хлоридин (пириметамин, тиндурин), гидроксихлорохин (плаквенил) жатады.
2. Гистошизотропты дәрілер - ұлпалық түріне әсер етеді:
а) преэритроцитарлы түрінде - хлоридин, бигумаль (ерте кайталануын алдын алу үшін);
б) параэритроцитарлы түрінде - примахин, хиноцид (кеш кайталануын алдын алу үшін);
3. Гаметотропты дәрілер - жыныстық түріне әсер етіп, малярия химиопрофилактикасында қолданылады: примахин (примаквин), хиноцид (квиноцид), хлоридин, бигумаль.