Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


б) Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер



бет128/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

б) Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер. Лямблийлер ішекті, өт
қапшығы мен өт жолдарын, бауырды зақымдап, энтерит, энтероколит,
холангит, холецистит, дуоденит шақырады. Лямблиозда метронидазол,
тинидазол,қолданылады.
Лямблийге қарсы аминохинол, акрихин, хлорхинальдон белсенділік
көрсетеді.
в) Амебиазаны емдеуге арналған дәрілер. Амебалар тоқ ішектің
бойы мен қабырғасын зақымдап, амебалық дизентерия мен созылмалы
жара колиттерін тудырады. Амебалар тоқ ішектің шырышты қабықшасынан
қан ағысы арқылы бауырға, өкпеге, миға, бүйрекке өтіп амебалы процестер
шақыруы мүмкін.
Амебиаздың кез келген түрін емдеуге нитроимидазолдар: метронидазол, тинидазол. Амебиазаның ішектегі түрінде, сонымен қатар бациллотасығыштарда, ішек бойына әсер ететін хинолондардың 1 буыны: хиниофон, энтеросептол, мексаформ, интестопан ішек флорасын жойып, анаэробтар болып табылатын амебалардың өмір сүруіне қолайсыз жағдай жасау үшін тетрациклинмен бірге тағайындалады.
Ішектің кабырғасында және ішектен тыс орналаскан амебаға қарсы эметин (ипекакуана тамырының алкалоилы) әсер етеді. Ішке қабылдағанда рефлекторлы түрде құсық тұғызады, сондықтан парентеральды енгізіледі. Эметин тікелей амебицидті әсер етіп, ұлпаларға жеңіл өтіп, бауырда сақталады, сондықтан амебалы гепатитте қолдану тиімді.
Жанама әсері: құсу, лоқсу, тітіркендіргіш әсер, қышыма, есек жем, жүрек қызметінің бұзылуы, гипотензия, полиневрит, бұлшық ет әлсіздігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет