Іntегfегоn аlрһа (WеІІfегоn) - интерферон альфа (велферон): 10 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда - арнайы ерітіндіде ерітіп, 10 000 000 ӘБ күн ара б/е (т/а) енңізіледі.
Reafaronum- реаферон (Б): құрғақ зат 1 мл амп. - инъекцияға арналған суда ерітіп, 1 мл-ден тәулігіне 2 рет (реальдиронға ұқсас) еңгізіледі.
Интерфероногендер - интенферонның түзілуін тудыратын заттар. Бұндай қасиет вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтардан басқа медицина тәжірибесінде вирусты инфекциялардың кешенді емдеуінде қолданылатын кейбір химиялық қосылыстарда бар:
-Тұмау мен ЖРВИ ауыр түрінде: неовир (б/е), арбидол (таб.);
-Ұшықты зақымдануында: мегасин, ларифан (жергілікті); циклоферон (б/е, к/т);
-Көздің вирусты инфекциясында: полудан (көз тамшысы);
-Вирусты гепатиттің А, Б, С, Д түрінде, АИТВ-инфекциясында, екіншілік иммуннотапшылықта, хламидиозда: циклоферон (б/е және к/т). Әсер ету механизмі: адам ағзасында эндогенді интерферонның синтезін қуаттандырады.
Интерфероногендер улы емес, науқастарда жеңіл өтіп, басқа препараттармен сыйымды.