Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: метисазон (марборан)



бет124/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

5. Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: метисазон (марборан).
Метисазон вирус ақуызының синтезін тежеп, вирустардың репродукциясын (қайта жаңғыру) жояды. Шешекті алдын алу үшін және шешекке қарсы етуден кейінгі асқынуды емдеу үшін қолданылады.
Жанама әсері: жағынан диспепсия, бас айналуы байқалуы мүмкін.
Бауыр, бүйрек, АІЖ-ң ауруларында қолдануға болмайды.
6. Гепатит вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: Интерферон альфа (альфаферон, велферон) - гепатит В және С. Интерферон альфа-2А (реаферон, роферон-А) - гепатит В. Интерферон альфа-2А (интрон-А, реальдирон) -
созылмалы гепатитте А, В және С. Интерферон - вирустардың еңгізілуіне жауап ретінде жасушада өндірілетін вирусқа қарсы иммунитеттің бейспецификалық факторы. Вирус талғамалы ақуыз синтезін тежейді. Интерферонның вирусқа қарсы белсенділігінің спектрі кең (тұмау, ұшық, гепатит, ЖИТС (СПИД) және т.б.), сонымен қатар иммуностимуляторлық және ісікке қарсы әсері бар. Интерферон вируспен зақымдалатын жасушаның тұрақтылығын күшейтіп, вирустардың репродукциясын жояды. Интерферондар жергілікті (көз тәжірибесінде, ұшықтық зақымдалуда, тұмауда - мұрынға арналған тамшы және ингаляция түрінде) және парентеральды (гепатит, ЖИТС, ісіктер) қолданылады. Парентеральды еңгізгенде тұмау сияқты жағдай, ал ұзақ қолданғанда қан жасалуының, бауыр қызметінің бұзылуы және аллергиялық жағдайлар байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет