Қолдануға қарсы көрсеткіші: жүктіліктің алғашқы үш айында (тератогенді әсер етеді, сүтке ащы дәм береді), лактацияда, ОЖЖ-ң үдемелі ауруларында. Емделу кезінде спиртті ішімдіктер (дисульфирамға ұқсас реакциялар, іштегі толгақ тәрізді ауырсынулар, лоқсу, құсу, бас ауыру, терінің қызаруы) қабылдауға болмайды.
Меtronidazolum - метронидазол (Б): 0,25 және 0,5 таб. -трихомонадозда сызба бойынша 0,25 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін 10 тәулік бойына; амебиазда 0,25 тәулігіне 3 рет 10 тәулікке дейін; лямблиозда 0,25 тәулігіне 2 рет 5 тәулікке дейін; қынапты супп. (таб.) 0,5 түнде; 0,5% 10 мл еріт. амп. және 0,5% 100 мл еріт. флаконда шығарылып, к/т тамшылатып еңгізіледі.
Трихомонадозда сондай-ақ трихомонацид, нитазол, фуразолидон қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |