Дәріс №
Тақырыбы : Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер
Жоспар :
1. Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер
2. Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер
3. Амебиазаны емдеуге арналған дәрілер
4. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер
а) Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер
Трихомонадоз - трихомонада қоздырғышы тудыратын несеп-жыныс жүйесінің ауруы, әйелдерде кольпит пен вульвовагинит, ал ерлерде уретрит ауруын тудырады. Трихомонадозды емдеудің негізгі препараттары нитроимидазол туындылары болып табылады. Оларға: метронидазол (трихопол, флагил, метрогил, клион), тинидазол (фасижин), орнидазол (тиберал). Облигатты анаэробты микроорганизмдерге, бактериялар мен қарапайымдыларға қатысты белсенді болып табылады. Нитроимидазол туындылары АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сүйықтықтарына, қабыну және некроз, абсцесс ошақтарына өте жақсы енеді. Қарапайымды инфекцияларда (трихомонадоз, амебиаз, лямблиоз, тері лейшманиозы, балантидиаз); әртүрлі анаэробты инфекцияларда, асқазан жарасында қолданылады.
Жанама әсері: диспепсиялық бүзылыстар (тәбет төмендеуі, ауыздың ащы металл татуы, жүрек айнуы, құсу, диарея), бас ауыру, есек жем, қышыну, діріл, кандидоз, полиурия, зәрдің қызыл қоңыр түске боялуы, тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |