Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Видарабин - жергілікті (жағылма, көз жағылмасы) қолданылады, ұшықты энцефалитте күре тамырға еңгізіледі. Идоксуридин



бет122/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Видарабин - жергілікті (жағылма, көз жағылмасы) қолданылады, ұшықты энцефалитте күре тамырға еңгізіледі.
Идоксуридин - көздің ұшықты жұқпалы ауруларында жергілікті (0.1% көз тамшылары) қолданылады.
Теброфен - 0,5% көз жағылмасы, 2% және 5% жағылмасын зақымдалған тері аймағына жергілікті қолданылады.
Риодоксол - 0,5% жағылма түрінде жергілікті тері және ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануында қолданылады.


3. Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер: ганцикловир (цимевен), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвин, триаптен).
Цитомегаловирус (ұшық (герпес) вирусының түқымдасына жатады) иммунитет тапшылық жағдайда пневмонияның ауыр түріне, гепатит, менингоэнцефалит, көз торының зақымдалуы, көзге қауіп тудыруы, АІЖ-ы мен бүйректің зақымдалуына алып келеді. Бұл препараттар ДНҚ вирусының синтезін бұзады. Кәдімгі ұшықта, белдеулі теміреткіде және АИТВ (ВИЧ) (адамдагы иммуннотапшылық вирусы) инфекциясында қолданылады. Екі препаратта күре тамырға, ганцикловир ішке, ал фосфоноформат 2% крем түрінде ұшықты зақымдалуда жергілікті белгіленеді. Препараттар улы болып келеді, тырысулар, бас ауыру, лейкопоэздің тежелуі байқалады, ганцикловирде гепатотоксикалық, нейротоксикалық және тератогенді әсер, жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы, ал фосфоноформатта нефротоксикалық және гипокальциемия байқалуы мүмкін. Жүктілікте, лактацияда, жоғары сезімталдықта қолдануға болмайды.
Gаnсусlоvіг - ганцикловир - 0,5 құрғақ заты флаконда – нұсқауы бойынша к/т; 1,0 капс. - күніне 3 рет.
4. Адамдагы иммуннотапшылық вирусына (АИТВ) әсер ететін дәрілер: азидотимидин (зидовудин, ретровир), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвир, триаптен), ганцикловир (цимевен).
Адамдағы иммуннотапшылық вирусы ретровирус түқымдасына жатады. Препараттар ауру белгілері байқалғанға дейін тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет