Remantadinum - ремантадин (Б): 0,05 таб. - 2 таб. шығарылып, 1-ші күні 3 рет, 2-ші және 3-ші күні 2 рет, ал 4-ші күні 1 рет гамақтан кейін; тұмауды алдын алу үшін - 1 таб. күніне 1 рет 10-15 күн бойына тағайындалады.
Охоlinum - оксолин (Б): 0,25% жағылма түрінде тұмауды алдын алу үшін, оны мұрынның шырышты қабықшасына тәулігіне 2 рет жағады; 0,2% жаңа дайындалған ерітінді аденовирусты конъюнктивитте көз тамшысы түрінде (күніне 5-6 рет); 0,25% жағылма түрінде көздің қабағына түнде жағу үшін.
Жанама әсері: тітіркендіріп, күйдіргіш сезімін тудыруы мүмкін. Оксолин сондай-ақ терінің вирусты ауруларында (кәдімгі ұшық, белдеулі теміреткі) 1%, 2% және 3% жағылма түрінде қолданылады.
Тұмауға қарсы дәрілерге сондай-ақ әсер ету механизмі басқа да препараттар жатады:
Арбидол - тұмау вирусының А және В түріне тежегіш әсер етіп, интерферонның, жасушалық және гуморальды иммунитеттің өндірілуін күшейтіп, алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |