Қолдануға қарсы көрсеткіштері: қан жүйесінің ауруы, бауыр, бүйрек аурулары, жүктілік, қатерлі ісік, амбулаториялық жағдайда жүргізушілерге, ұшқыштарға және т.б. белгіленбейді.
Теrbinafin - тербинафин (Б): 0,125 және 0,25 таб. - 0,25 күніне (тамақ қабылдауына тәуелсіз), 1% жағылмасы бар. Саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасының синтезін бұзып, фунгицидті әсер етеді, екіншілік резистенттік пайда болмайды, дерматомикозда әсіресе тырнақтың зақымдалуында, сонымен бірге тері кандидозы мен кебекті теміреткіде қолданылады.
Жанама әсері: диспепсия, терінің аллергиялық реакциялары.
Жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.
Нафтифин - беттік микозда тербинафин тәрізді әсер етеді, бірақ тек жергілікті (крем, ерітінді түрінде) қолданылады.
Декамин - тері кандидозында, табан эпидермофитиясында (жағылма түрінде), стоматитті кандидозда, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну ауруларында (карамель - тіл астына) қолданылып, антибактериальды және фунгистатикалық әсер көрсетеді.
Нитрофунгин (25 мл флаконда) ундецилен қышқылының препараттары «Цинкундан» және «Микосептин», циклопироксоламин, антисептиктер (салицил, бор, бензой қышқылдары, йод ерітіндісі, метилен көгі, бриллиантты жасыл) - беттік микоздарда сыртқа қолданылады. Қиыстырған препараттары: микозолон (клион Д + кандерм-БГ).
Достарыңызбен бөлісу: |