Griseofulvinum - гризеофульвин (Б): 0,125 іаб. - 1-2 таб. шығарылып, тәулігіне 4 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін; 2,5% линименті бар.
Әсер ету спектрі тар: тек дерматомикоз қоздырғышына (эпидермофит, трихофитон, микроспорум, фавуса) әсер ететін саңыраукүлақтарға қарсы антибиотик болып табылады. Гризеофульвин нуклеин қышқылының синтезін тежеп, фунгистатикалық әсер көрсетеді. Саңырауқұлақтардын екіншілік резистенттілігі пайда болмайды. АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Дерматомикозда қолданылады, емдеу мерзімі ұзақ. Жанама әсері: бас ауыру, бас айналу, дезориентация, аллергиялық реакциялар, лейкопения.
Достарыңызбен бөлісу: |