Қолдануға қарсы көрсеткіштері: леворин - бауыр, АІЖ-ң ауруларында, жүктілікте; натамицин - тері туберкулезінде.
Nystatinum - нистатин (Б): 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ таб. - 1-2 таб. тәулігіне 3-4 рет; 1% жағылма; 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ ректальды және вагинальды суппозиторий түрінде шығарылады. Нистатиннің қиыстырылған препараты: полижинакс (нистатин+полимиксин В+неомицин)
Амфотерицин В - басқа саңырауқұлаққа қарсы дәрілер әсер етпеген жағдайда, жүйелі микозда қолданылады. Амфотерицин В АІЖ-да сіңірілмейді.
Жанама әсері: улы; қызба, тырысу, гипотония, гипокалиемия, флебит, анемия; бауыр, бүйрек, жүрек жұмысының бұзылуы мүмкін; өмірлік маңызды жағдайда дәрігердің қадағалауымен белгіленеді, Балалар тәжірибесінде улылығы төмен АІЖ-да жақсы ерігендіктен пероральды қолдануға арналған амфоглюкамин аналогы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |