Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Еtambutolum - этамбутол (Б)



бет108/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Еtambutolum - этамбутол (Б): 0,1; 0,2 және 0,4 таб. шығарылып, бір рет таңертеңгі тамақтан соң белгіленеді.
Пиразинамид - жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактерицидті әсер етіп, жұлын ми сұйықтығы мен туберкулезбен зақымдалған ошаққа жеңіл өтетін синтетикалық препарат. Казеозды лимфаденитте, туберкуломада, казеозды пневмониялық процеске әсер етеді.
Жанама әсерлері: диспепсия, анорексия, аллергиялық реакциялар, буын ауруы, подагра, бауыр қызметінің бұзылуы.
Колдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр қызметінің бұзылуы мен подагра.
Рігаzinamidum - пиразинамид (Б): 0,5 және 0,75 таб. түрінде шығарылады. Туберкулез қоздырғышының РНҚ-ң синтезін тежейді. Туберкулостатикалық, туберкулоцидтік әсер етеді.
Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
Мерезді емдеудің негізгі препараттары қысқа және ұзақ әсерлі пенициллиндер, мерездің барлық кезеңдеріне әсер етіп, спирохеттерге тұрақтылық пайда болмайды. Цефалоспориндердің I және III буыны, макролидтер, мерезді емдеуде қосымша антибиотиктер болып табылады, бірақ олардың тиімділігі төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет