1. Беттік микоздар:
а) дерматомикоздар (эпидермофития, трихофития, микроспория, онихомикоздар және т.б.) - тері, шаш, тырнақты зақымдайды.
б) кандидамикоздар (қоздырғышы – ашытқы тәрізді саңырауқулақ түрі Саndidа) - шырышты қабықша мен теріні зақымдайды.
2. Жүйелі микоздар (бластомикоз, кокцидиоидоз, криптококкоз, гистоплазмоз, актиномикоз, нокардиоз, кандидоз, аспергиллез) - ішкі ағзаларды: өкпе, бауыр, АІЖ,ми мен ми қабықшаларын, сүйек, буын, лимфа түйіндерін зақымдайды.
Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілердің жіктелуі:
1. Полиенді антибиотиктер: нистатин, леворин, натамицин (пимафуцин), амфотерицин В (фунгизон), микогептин.
Әсер ету механизмі: саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзып, мөлшеріне байланысты фунгистатикалық және фунгицидті әсөр көрсетеді. Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі баяу пайда болады.
Қолдануы: нистатин, леворин және натамицин АІЖ-ң, тыныс алу жолдарының, қынаптың шырышты қабығы мен терінің кандидамикозын емдеу және оны алдын алу үшін қолданылады. Барлық препараттар ішке таблетка түрінде, жергілікті жағылма, вагинальді супп. (нистатин) немесе таб. (натамицин), еріт. ингаляциялау үшін, шаю, бүрку үшін (леворин) ерітінді түрінде қолданылады. Леворин кейде нистатиннің әсері болмаған жағдайда қолданылады.
Жанама әсері: диарея, дене қызуының көтерілуі (нистатин), терінің қышуы (леворин) байқалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |