Қолдануға қарсы көрсеткіші: эпилепсия және тырысу ұстамасына бейімділік, бұрын полиомиелитпен ауырған жағдай, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, айқын атеросклероз, ал флебитте к/г еңгізуге болмайды.
Іsoniazidum - изониазид (Б): 0,1; 0,2 және 0,3 таб.- тамақтан кейін; 10% 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т, ингаляциялық, каверноз ішіне еңгізіледі.
Изониазидтің аналогтары: фтивазид, салюзид, метазид, этионамид, протионамид - белсенділігі мен улылығы төмен.
Рифампицин - белсенділігі жағынан изониазидке ұқсас, қандағы терапевті концентрациясы 8-12 сағат, жасуша жанындағы, жасуша ішіндегі, жасушадағы және казеозды ошақтағы (каверн ішіндегі) орналасқан микобактерияларға басқа препараттар әсері болмағанда тиімді.
Стрептомицин - тек жасуша жанындағы микобактерияларға әсер етеді. Стрептомицин аналогтары (канамицин, амикацин, флоримицин, капреомицин) - кейде стрептомицинге тұрақтылық жағдайыида тиімді.
Этамбутол - жасушадан тыс және жасуша ішінде ориаласқан микобактериялардың өсуін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсететін синтетикалық препарат. Этамбутол АІЖ-да жақсы сіңіріліп, басқа туберкулезға қарсы дәрілермен (микобактериялардың тұрақтылығын алдын алу үшін) қиыстырып қолданылады.
Жанама әсері: аз байқалады, көз көруінің нашарлауы, түсті қабылдаудың бұзылуы (жасыл және қызыл түстің), жүрек айну, анорексия, бас айналу, тері бөртпелері. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: көз көуінің бұзылулары, жүктілік.
Достарыңызбен бөлісу: |