Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Изониазид (изоникотин қышқылының гидразиді (ГИНҚ, тубазид) - тек туберкулез микобактериясына әсер ететін синтетикалық препарат, туберкулезге қарсы дәрілердің ішінде әсері жоғары болып табылады. Әсер ету механизмі: ауыр металл иондарымен хелатты кешен тұзіп, микобактерияның тынысын тежейді. Жасуша жанында және жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпаларына өтеді, сонымен қатар гематоэнцефальды кедергіден өтіп, қандағы терапевті концентрациясы 6 сағаттан 24 сағатқа дейін сақталады. Изониазид туберкулездің барлық түрінде сонымен бірге алдын алу үшін қолданылады. Жанама әсері: нейротоксикалық (шеткерлік невриттер - алдын алу үшін В6 тағайындайды), бас ауыру, бас айналу, жүрек тұсының ауыруы, лоқсу, құсу, терінің аллергиялық реакциялары, эйфория, ұйқысыздық, кейде психоз, дәрілік гепатит, ерлерде гинекомастия, ал әйелдерде меноррагия байқалады.