Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Дәріс № Тақырыбы: Туберкулезға қарсы дәрілер. Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер Жоспар: 1. Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктелуі:
2. Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
3. Препараттардың фармакологиялық сипаттамасы
Қазақстанда туберкулез әлеуметтік-түрмыстық жағдайға байланысты негізгі орын алады. Сондықтан туберкулезге қарсы препараттар өзінің мәнін жоғалтпады және олардың номенклатурасы әр жылы жаңа препараттармен толықтырылады. Қазіргі таңда ғалымдардың негізгі мақсаты белсенділігі жоғары, улылығы мен жанама әсері төмен препараттарды іздестіру болып табылады. Маңыздысы болып микобактерияға тұрақтылық баяу пайда болуы болып саналады. Мұндай препараттар медициналық тәжірибеде бағасы төмен болуы қажет, себебі олармен емдеу мерзімі ұзақ болып келеді. Туберкулезді дәрілермен кешенді емдеуде негізгі орынды химиотерапевтикалық дәрілер алады. Туберкулезге қарсы дәрілер антимикробты спектрі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Туберкулезге қарсы дәрілер концентрациясына байланысты бактерицидті немесе бактериостатикалық әсер көрсетеді. Туберкулез химиотерапиясының ұзақтығын (12-16 ай және одан да көп) ескере отырып, қоздырғышқа тұрақтылық мәселесіне үлкен мән беріледі. Негізінен кейбіреулеріне (рифампицин, стрептомицин) ол тез, басқаларға салыстырмалы баяу (натрий парааминносалицилаты) пайда болады.