Қолдануға қарсы көрсеткіші: бауыр және бүйрек қызметі бузылуында, тыныс алу тежелуінде, жүктіліктің алғашқы 3 айында, 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Асіdum nalidixicum- налидикс қышқылы (Б): 0,5 таб. және капс. шығарылып, 1-2 таб. (капс.) тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Ескерту: Хинолондарды нитрофурандармен (антагонист), антацидтермен, темір препаратымен (хинолондардың сіңірілуін төмендетеді) бірге қолдануға болмайды.
Хинолондардың III буыны (фторхинолондар). Пефлоксацин (абактал, пефлацин), офлоксацин (таривид), норфлоксацин (нолицин, норбактин), ципрофлоксацин (сифлокс, цифран, ципролет, ципробай), ломефлоксацин (максаквин), спарфлоксацин (загам), флероксацин (хинодис). Әсер ету механизмі: бактериялардың ДНҚ-гидразасын тежеп, одан ДНҚ қызметі мен қүрылысын бұзып, ақуыз синтезін тежейді. Бактерицидті әсер көрсетеді. Постантибиотикалық әсері (5-11 сағ.) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |