Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) кокктарға және бактерияларға, қарапайымдыларға (трихомонада, лямблий), хламидияға, клостридияға, спирохетке әсері төмен, көкіріңді таяқшаларға, протейге, клебсиеллаға, энтеробактерияларға, саңырауқұлақтарға,вирустарға әсер етпейді. Нитрофурандарға микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу пайда болады.
Қолданылуы: Жергілікті, антисептик ретінде жара, күйікті емдеу үшін, қуыстарды жуу үшін 0,02% фурациллиннің еріт, және 0,5-1% фурагин еріт. (калий тузы, солафур) қолданылады. Ішек инфекцияларын емдеу үшін (дизентерия, іш сүзегі, тамаклен улануда, лямблиоз, энтероколит, өт жолдарының инфекциясында) фуразолидон және нифуроксазид ішке қолданылады. Урологиялық инфекцияны емдеу үшін фурадонин, фурагин, фуразолин - ішке; нифуратель таблетка, вагинальды суппозиторий және вагинальды жағылма түрінде қолданылады. Фуразолин мен фурагин кейде пневмонияда, сепсисте, остеомиелитте, тілме қабынуында қолданылады, себебі олар басқа препараттарға қарағанда ұлпаларға жеңіл өтеді.
Жанама әсері: диспепсия, аллергия, нейропатия (бас айналу, бас ауыру, полиневрит, есту қабілетінің бұзылуы, көз жүйкесінің зақымдалуы), тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бүйрек қызметі бұзылуында, жеке көтере алмаушылық, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі (эритроциттердің гемолизі пайда болуы мүмкін).
Достарыңызбен бөлісу: |