Нитрофуран туындылары: Фурациллин, фуразолидон (нифурозид), нифуроксазид (эрцефурил), фурадонин (нитрофурантоин), фурагин (солафур), фуразолин, нифуратель (макмирор). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзады, цитоплазмалық мембранадағы тыныс алу ферменттерінің қызметін тежеп, жасуша қабықшасының бұзылуына алып келеді. Препараттың мөлшеріне байланысты бактериостатикалық және бактерицидті әсер көрсетеді. Бактериялардың ферменттік жүйелерін бұзу жолымен бактерицидті әсер етуі мүмкін, препараттың микробтарға қарсы әсер төзімді микроорганизмдер дамуын алдын алады.