ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АҚСУКЕНТ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Дерматомикоздар
Орындаған: Юсантаева Турсинай
Тобы: МІ – 402
Қабылдаған: Азимханова Ұлдана Муратбековна
Ақсукент 2021 жыл
Дерматомикоздар
Ірі қатпарлардың эпидермофитиясы (шап эпидермофитиясы). Қоздырғышы-ер. іnguinale, көбінесе шап терісінде, кейде қолтық астында, әйелдердің емшек безінің астында, сау теріден анық шектеулі қызғылт түсті, бетінде аздаған қабыршақтары бар, шетіне қарай өсіп, бір-бірімен қосылып кететін дақтар пайда болады. Шеттері өсіп, үлкейеді де сонымен бірге ортасынан жазылып кетеді . Жедел басталып, ауру бірнеше күннен бірнеше айға, жылға созылады. Қышыну сезімі болады. Моншада- ортақ ваннаны, жөкені қолданғанда және киім, дәрет ыдысы арқылы жұғады. Қатты терлеу , компресс, ұзақ байланып жатқан таңғыштар теріні ылғалдандырып аурудың жұғуына мүмкіндік тұғызады.
Емі 2% спирттегі йод ерітіндісі, 33% күкірт майы,низорал майы қолданылады.
Сақтану. Ортақ ваннаны, термометрді, дәрет ыдысы мен клеенканы, жөкені дезинфекциялау, теріні таза ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |