Бастың шашты бөлінінің үстірт трихофитиясы. Бастың шашты бөлігінде бір немесе бірнеше дөңгелек зақым ошағы пайда болады. Зақымданған ошақтың терісі ақшыл-қызыл түсті және ақшыл-сұр кебекті қабықшамен жабылады. Ауруға ерекше тән белгі- саңырауқұлақтардың әсерінен шаштың сынып, сиреуі. Терінің үстінен 2-3 мм биіктікте, қабыршақтардың арасында сынған шаш ақшыл-сұр ұсақ тікенек сияқты байқалады Егер шаш қапшығынан шыға бере сынса, қара нүкте тәрізді болып көрінеді. Біртіндеп, ақырын, шеттеріне қарай өсіп зақымданған ошақтар үлкейіп, бір-бірімен қосылып кетуі мүмкін
Емделмесе ауру біраз жылға созылады. Бұл клиникалық түрі көбінесе мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда кездеседі.
Емі Зақымданған шашты жұлып,оның айналасындағы шашты қырып тастап, зақымданған тері ошақтарына фунгицитті препараттар 2% йод ерітіндісін, низорал майын пайдаланамыз. Антимикотик низорал таблеткілері кеңінен қолданылады.