Эпидермофитияның жұғу жолдары . Табанның эпидермофитиясын моншада, душта жұқтыруы мүмкін, ағаш төсеніштерде, отырғыштарда, дұрыс жуылмаған легенде науқастан түскен қабыршақтар қалып қалады да, кейін сау адамның табанының терісін зақымдайды. Емханада, спорт орталықтарында иесі белгісіз аяқ-киім арқылы және кір жуатын үйде , жақсы үтіктелмеген шұлғау, нашар жуылған немесе құрғақ затта саңырауқұлақтар өлмей қалады да жұғуы мүмкін. Бір төсекте ұйықтағанда да жұғуы ықтимал.
Емi 2% йод тұнбасын, жедел қабынуды тежеу мақсатында 1-2% резорцин, 0,1% риванол ерітіндісін құрғату мақсатында таңғыш салу керек. Зақымданған тері ошағы кепкен соң бояулардың спирттегі ерітіндісін, Кастеллани сұйықтығын жағады және фунгидцидті майларды-ламизил, микосептин, низорал т.б. майларды жағады.
Руброфития. Аса көп тараған саңырауқұлақты аурулардың бірі. Негізінде алақан , табан, сонымен қатар тырнақ жиі зақымданады. Қоздырғышы Tr. rubrum Castellani .Алақан және табан терісі жайыл-малы гиперкератоз нәтижесінде қалыңдайды және үстінде көптеген кебекке ұқсас майда қабықшалары бар , әсіресе терінің қыртыстарында , сондықтан теріде өзгеше , ақ түсті торлы сурет көрінеді. Башпайаралық қыртыстары түгелдей құрғақ қабыршақтармен кқмкерілген. Қол тырнағынан бос , алдың-ғы жағында немесе тырнақтың шетінен ақ-сұр немесе сарғыштау дақтар, жолақтар көрінеді. Тырнақ пластинкалары ұзақ уақыт өзгермейді, тегіс күйінде , өзінің түсін сақтайды.
Терінің ірі қатпарларындағы руброфитияда анық шектеулі, сәл көтеріңкі , дөңгелек қызғылт дақ пайда болады. Дақтың беті аздап түлейді және қызыл түсті қанды қабықпен жабылған ұсақ түйіншектер пайда болып, қатты қышынады. Ауру ұзақ дамиды, жиі уақытша жазылады да, әсіресе жылдың жылы кезінде жаңадан асқынады.
Жазық теріде руброфития жамбаста, тізеде, сиректеу- қарында, арқада орналасады. Зақымданған ошақтар анық шектеулі, шеттері иректелген, сонымен бірге қабыршақты қызғылт – көкшіл дақтардың үстіне шаш қапқығымен байланысты ұсақ, , түйреуіш басынан ноқат көлеміндей, шоғырланып, жарты сақина тәрізді орналасқан түйіншектердің шығуы. Жұғу жолдары мен шарттары эпидермофитияға ұқсас.
Емі. Алақан мен табан зақымданған кезде мүйізденген қабатын кератолитикалық маймен сылау керек. (Ариевич майы, 10-20%салицил майы), ұзақ уақыт 2% йод тұнбасын, Кастеллани сұйықтығын және фунгицидтік майларды жағу.
Антимикотиктерден кейінгі жылдарда низорал кеңінен қолданылады. Тәулігінде 200 мг. жайылмалы процесте 400 мг-нан ішуге береді. Сыртқа ламизил кремін, канестен,клотримазолды крем не ерітінді түрінде қолдануға болады.
Трихофития. Трихофития тек адамдарда болатын антропофильдік саңырауқұлақтардың немесе адамда да, малда да (мысық, ит т.б.) паразиттік өмір сүретін- зоофильдік саңырау-құлақтардың әсерінен дами-тын жұқпалы ауру. Қоздырғыштары антопофильдік трихофитон-дар болса-trichophyton endotrix, онда саңырауқұлақтар негізінен шаштың ішінде орналасады. Ошақтары үстірт орналасып, жеделдеу немесе созылмалы дамитын түрін үстірт трихофития деп атайды. Зоофильдік трихофитондар қоздырғышы- trichophyton ectotrix негізінен шаштың айналасында және шаштың ішкі қынабының эпителиінде орналасады, олардың әсерінен терең трихофития деп аталатын шаш қапшығының айналасында қабыну-лық сіңбе пайда болып, кейіннен шаш қапшығы мен жан-жағындағы дәнекер ткань іріп-езіліп кетеді. Бұл процесс (терең) сіңбелі-іріңді трихофития деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |