Реферат тақырыбы: Дерматомикоздар Орындаған: Юсантаева Турсинай Тобы: мі 402



бет8/8
Дата08.02.2022
өлшемі82,87 Kb.
#121367
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дерматомикоздар

Микроспория. Microsporum тобына жататын жіпше саңырауқұлақтар қоздыратын ауру. Ауру адамнан немесе жануарлардан (көбінесе мысықтардан, иттерден ) жұғады.
Микроспория , трихофития сияқты жазық теріні, бастың шашты бөлігін, кейде – тырнақты зақымдайды. Микроспориямен көбінесе мектепке баратын балалар ауырады.
Жазық терінің микроспориясы. Клиникалық көрінісі үстірт трихофитияға ұқсас. Кейінгісіндегі сияқты, анық шектеулі, сәл көтеріңкі, дөңгелек, беті шамал қабыршақтанға қызғылт дақтар, жеке көпіршіктер және ұсақ қабықтар пайда болады. Шеттеріне қарай өсіп, дақтың ортасы жазыла келіп, сақина тәрізді бейнелер түзеді.Жазық терінің микроспориясында ұлпа түктердің өзгерісі жиі байқалады.
Бастың шашты бөлігінің микроспориясы. Мамық микроспорум тудырған микроспорияда дөңгелек анық шектеулі бір немесе бірнеше ірі ошақтар пайда болады. Зақымданған ошақтардың терісі қызғылт түске боялады және тығыз ұсақ ұн тәрізді қабыршақтармен жабылады. Зақымданған ошақтарда тері бетінен 4-6 мм биіктікте шаштың барлығы сынғандықтан қысқа қырқылған сияқтыбоп көрінеді.Әр шашта саңырауқұлақ спораларынан тұратын қап болғандықтан , сынған шаштар ақ түсті болады және пинцетпен жеңіл жұлып алынады.
Емі . Инфильтрат жұмсарып, ірің шыққанда зақымданған ошаққа 1: 1000 риванол, 1% резорцин ерітін-ділерімен т.б. жылытқыш компресс таңады. Инфильтрат толық сорылғанша 10-15% -тік күкіртті қара май таңады. Қабыну процестері басылғаннан кейін сыртқы ем жүргізу – травокорт, тридерм, экзодерил пайдалану. Қайта қайталанбау мақсатында бір ай бойы 2% салицил спиртімен сүртіп тұру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет